"Неге қазақтар сүрінгенге жабыла кетеді?" Түсіпбаева Төреғали туралы жазба жариялады

2600
Adyrna.kz Telegram

Әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Төреғали Төреәлімен түскен суретін жариялап, жазба қалдырды, деп жазады "Адырна" порталы. 

Түсіпбаева таяуда ғана есірткі қолданып көлік жүргізді деген айып тағылып, қамауға алынған әнші Төреғалиға қатысты өз ойымен бөлісті:

"”Өнердің жолы ауыр жол”- деп текке айтылмаған шығар. Ал , қазақтар неге көбінесе сүрінгенге, жығылғанға жабыла кетеді?! Қуанып табалай кетеді?! Бала өсіріп отырға әрбір жан , бір сәтке ойланайық. Баланың кіндігі кесілген сәттен- ақ. Оның маңдайына жазылған жеке тағдыры, өз мінезі болады. Әрбір есті ата-ана балам менен ассын, абыройлы болсын деп тілейді. #әрқазақменіңжалғызым ! Сөгіп жатқандар айтарым сол!! Не судите и не судимы будете!! Өз отбасыңызға ие болсаңыз болды ғой. Сізді алда не күтіп тұр?! Ол- жұмбақ p.s. Менің пікірім - өз пікірім…. Сіздің пікіріңіз - өз пікіріңіз…. Келісу шарт емес" деп жазды ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Меруерт Түсіпбаева (@meruert_tusupbaeva) 

Еске сала кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлі есірткіге мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 20 тәулікке қамауға алынған болатын. Осыдан кейін оған тағы үш күн қамау күндері қосылды.

Пікірлер