Каспий жағалауында суға батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды

1825
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысында Каспий жағалауында суға батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«4 шілде күні сағат 21.40-та Каспий теңізінің жағалауында, атап айтқанда, жартасты жаға аймағында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мобильді авариялық-құтқару жасағының кезекшілігі кезінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2006 жылы туған азаматты аман алып қалды», - делінген сәрсенбіде тараған хабарламада.

Атап өткендей, жасөспірім рұқсат етілмеген аймақта шомылған.

«Жасөспірімге медициналық көмек қажет болмады», - деп қосты Төтенше жағдайлар министрлігі.

Редакция ұсынған жазда шомылу маусымында ескеру қажет ережелер:

  • Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз;
  • Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз;
  • Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар;
  • Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршағанға және қалтырауға дейін жеткізбеңіз;
  • Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз;
  • Қоршау белгілерінен, ағынды аймақтардан тысқары жүзбеңіз;
  • Техникалык ескерту белгілерінің, ағысы қатты өзендердің қауіпті аймағына түспеңіз.
Пікірлер