Каспий жағалауында суға батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды

2150
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/07/izobrazhenie_2023-07-05_093738120.png
Маңғыстау облысында Каспий жағалауында суға батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. «4 шілде күні сағат 21.40-та Каспий теңізінің жағалауында, атап айтқанда, жартасты жаға аймағында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мобильді авариялық-құтқару жасағының кезекшілігі кезінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2006 жылы туған азаматты аман алып қалды», - делінген сәрсенбіде тараған хабарламада. Атап өткендей, жасөспірім рұқсат етілмеген аймақта шомылған. «Жасөспірімге медициналық көмек қажет болмады», - деп қосты Төтенше жағдайлар министрлігі.

Редакция ұсынған жазда шомылу маусымында ескеру қажет ережелер:

  • Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз;
  • Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз;
  • Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар;
  • Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршағанға және қалтырауға дейін жеткізбеңіз;
  • Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз;
  • Қоршау белгілерінен, ағынды аймақтардан тысқары жүзбеңіз;
  • Техникалык ескерту белгілерінің, ағысы қатты өзендердің қауіпті аймағына түспеңіз.
Comments