Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтарына біржолғы өтемақы берілмек

2219
Adyrna.kz Telegram

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы жарияланды. Бұйрыққа сай  қуғын-сүргін құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидалары бекітіліп отыр. Нәубет жылдарының қасіретін "қамыт қылып мойнымен көтерген" құрбандардың балалары өтемақыға арнайы құжаттарды ұсыну арқылы қол жеткізе алады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Құжатта өтемақы төлеудің тәртібі ұсынылады. Онда:

«Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақталған жаппай саяси қуғынсүргіндер құрбандарына, жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына біржолғы ақшалай өтемақы төлеу тәртiбiн айқындайды», - деп айтылған.

Өтемақы алудың талаптары бұйрықта көрініс тапқан.  Ол үшін саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары туу туралы куәлік не тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасынан үзінді көшірмені көрсетіп, прокуратура органдарынан немесе сот органдарынан Заңның 22-бабында көрсетiлген орындарда болған кезеңі көрсетілген, ата-анасының біреуінің ақталғаны туралы анықтаманы ұсынуы тиіс.

Мұнымен қоса алғанда, бір реттік өтемақыға қол жеткізу үшін бас бостандығынан айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда болған уақыты, сондай-ақ бас бостандығы шектеулi жағдайда мәжбүрлi еңбекке тартылған уақыты туралы анықтама қажет екендігі қадап айтылған.

Саяси қуғын-сүргін құрбандары мен олардан зардап шеккендер үшін мемлекет қазынасынан 1,3 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінгені де хабарланды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер