Еліміздің маңызды әрі бас қаласы Астананың биыл 25 жылдық мерейтойы тойланғалы жатыр. Мерекені бас қала қалай тойламақ? “Адырна” порталы назарларыңызға бейбітшілік қаласы саналған Астанада өтетін мерекелік шараларды ұсынады.
6 шілде - Қазақстанда Астана күні мерекесі. Бұл даталы күн кезінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылдың 6 мамырындағы жарлығымен, яғни, Ақмола қаласының атауы ресми Астана болып өзгертілуіне байланысты 10 маусымда тойланған. Алайда 2008 жылдан Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне – шілденің 6-сынан бастап Астана күні ауыстырылып, Қазақстанда мемлекеттік мереке болып жарияланды. Осылайша 2009 жылдан бастап шілденің 6-сы барша қазақстандықтар қос мерекені тойлатып, 1 күн демалады.
Атаулы мерекеге орай:
1 шілде - Амфитеатрда «Аялаған Астана» музыкалық байқаудың гала-концерті;
2 шілде - ЭКСПО алаңында көпшілікке «Домбыра дастан» шоу-концерті;
3 шілде - Бейбітшілік және келісім сарайында «Алтын мұра» атты Қазақстанның ең үздік дәстүрлі әнші, күйші, жыршыларының басын қосқан мерекелік концерт;
4 шілде - «Астана» концерт залында көрермен сүйіп көретін «Әзіл әлемі» музыкалық әзіл-ысқақ кеші;
5 шілде - Амфитеатрда «Елорда әуені» шоу-концерті өтеді. Мерекелік іс-шарада жастардың көзайымына айналған «NE PROSTO ORCHESTRA», Ratovich, Бағжан Октябрь сынды бірқатар әртістер өнер көрсетпек.
5-6 шілде күндері ЭКСПО алаңында балалар мен ересектерге арналған «Гүл Астана» ЭКО фестивалі;
6 шілде - ЭКСПО алаңында OPEN AIR, яғни ашық аспан астындағы мерекелік концерт ұйымдастырып жатыр. Шарада отандық бірқатар эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді деп жоспарлануда.
7 шілде күні таңғы 11:00-де кітап сүйер оқырманға арналған ЭКСПО алаңында “Kitap fest ASTANA” кітап думаны;
8 және 9 шілде күндері Астаналық саябақтардың бірінде “Jubilee Food Truck” атты көше тағамдарының фестивалі өткелі жатыр.
Еске салатын жай, 6 шілде — бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні. Қарт саясаткер биыл 83-ке толады.