Дамыған азаматтық қоғам – мемлекет негізі

7503
Adyrna.kz Telegram

Дамыған азаматтық қоғам кез-келген дамыған мемлекеттің негізі. Ал коммерциялық емес ұйымдар азаматтық қоғам, мемлекеттік органдар және билік құрылымдары арасындағы тиімді байланыс көпіріне айналды. Қазіргі таңдахалықаралық тәжірибені зерделей келе, бүгінде азаматтық қоғам сарапшыларымен бірге гранттық қаржыландыру саласында заңнаманы жетілдіре түсу бағытында Қазақстан бойынша әр аумақта орналасқан палаталардың жұмыстары үздіксізжүргізілуде. Сол аумақ бірлестіктің бірі халықтың сұранысын қанағаттандырып келе жатқан коммерциялық емес ұйым Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнестің ҚР Үкіметі және мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізу жұмыстарының қарқынын арттыру мақсатында жұмыс жасайды. Кәсіпкерлер палатасы шағын, орта және ірі бизнес мүдделерін және құқықтарын қорғайды.

 Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңына сәйкес 2013 жылғы 8 қазанда құрылған бизнес пен биліктің тиімді әріптестігі негізінде даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында кәсіпкерлік субъектілерін біріктіретін коммерциялық емес, өзін-өзі басқаратын ұйым. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, тұрақтылықты нығайтуға, елде ұлттық, сондай-ақ шетел инвесторларының бизнес жүргізуіне қолайлы жағдайларды дамытуға бағытталған.Бұдан бөлек Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық бизнестің мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуын көздейді. Мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқаруда іскерлік ортаның мүддесін қорғайды, ҰКП шет елдердің бизнес қауымдастықтарымен байланысты кеңейту және нығайтуда, сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы интеграциялық үрдістерде отандық бизнеске қолдау көрсетеді.  

Атап айтсақ, ағымдағы жылы Қарағандыкәсіпкерлік палатасының ұйымдастыруымен бірнеше маңызды семинарлар өткізіліп кәсіпкерлік бағыт тақырыптары талқыланды. «2023 жылғы мемлекеттік сатып алу» тақырыбында оқыту семинарын Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында сатып алу саласындағы мамандар өткізді. Спикерлер ретінде «Орталық» жол-құрылыс және инжиниринг ұйымдары одағының өкілі Гаухар Көпжасарова және Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудитті камералдық бақылау бөлімінің басшысы Әсет Досыбаев, Мемлекеттік сатып алу басқармасының жиынтық-талдау бөлімінің басшысы Қуаныш Махашов сөз сөйледі. Іс-шараның басты мақсаты қатысушыларды биылғы жылы мемлекеттік сатып алу саласында болған ел заңнамасындағы өзгерістермен таныстыру болды. Семинарға жеткізуші рөлінде сатып алуға қатысатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алумен немесе жеткізумен айналысатын Қарағанды кәсіпорындарының мамандары қатысты.

      Сондай-ақ, қарағандылық кәсіпкерлерге«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы АҚ семинарыұйымдастырылды. Оған орталық сарапшылары,өңірдің ірі кәсіпорындарының басшылары қатысты. Семинар барысында «ҚР ИИДМ өнеркәсіптің жай-күйі туралы Ұлттық баяндама шеңберінде кәсіпорындарға сауалнама жүргізеді. Басты мақсат-еліміздің жиырма өңіріндегі өнеркәсіп салаларының кедергілері мен проблемаларын анықтау. Негізгі назар өндірістік факторларға, шикізатпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ өнімді сатуға аударылады. Содан кейін мұның бәрі Ұлттық баяндаманы қалыптастыруға негіз болады. Осыдан кейін Мемлекет басшысы елдегі өнеркәсіптің жай - күйі туралы хабардар болады, бұл сындарлы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Индустриялық саясат дирекциясының Бас сарапшысы Нұржан Нұрғысаев.

       

   2023 жылдың мамыр айында Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында агроөнеркәсіптік кешеннің салалық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысты ашқан ӨКП директоры Ернар Күлпейісов АӨК кеңесінің құрамына жаңа қатысушыларды қосу мәселесін көтерді. Олардың ішінде Нұра ауданы бойынша фермерлер қауымдастығының өкілі, «Шестернин» ШҚ Василий Шестернин, Қарағанды облысының «QAR-AGRO QOLDAU»АӨК субъектілері қауымдастығының заң қызметінің басшысы Балғат Жұмкин, «Агрико АТА» ЖШС басшысы Ержан Даирбаев бар.

    Ал соңғы жаңалықтарға тоқталар болсақ, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы (бұдан әрі-Палата) бірнеше байқаулар жариялады. Соның бірі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ) «Еңбек Жолы»республикалық конкурсын өткізудің басталғаны туралы жариялап, оның шеңберінде Қазақстандағы Өндірістің үздік қызметкерлері мен еңбек әулеттері айқындалатынын жеткізді.Бұл байқау өнімді еңбекті ынталандыруға, жастар арасында жұмысшы мамандықтарын танымал етуге және жұмысшы әулеттердің көпжылдық дәстүрлерін нығайтуға бағытталған. Конкурс жыл сайын «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас қызметкері», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша өткізіледі.

      Алдағы уақытта "Еңбек-Қарағанды" ШОБ-пен бірлескен қызмет шарттарын келесі тетік бойынша жасасуға ниетті: РМК жұмыс орын мен жұмысшыларды, ал бизнес жабдықтарды, шикізатты ұсынады және дайын өнімді өткізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қызметкерлерді оқытады. Мұндай ұсыныс Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында жеңіл өнеркәсіп комитеті барысында айтылды.  Белгілі болғандай, бүгінгі таңда түзеу мекемелерінің кәсіпкерлікті дамыту бойынша әлеуеті, атап айтқанда тігін фабрикалары үшін мүмкін. Қарағанды аяқ киім фабрикасымен бірлескен ынтымақтастықтың бірнеше мысалдарының бірі бар. “Біз бірінші жыл жұмыс істеп жатқан жоқпыз. Бізде тігін цехы бар. Алайда, ынтымақтастықта бір үлкен проблема бар-ол кадрларлың алмасуы. Біз адамдарды жалдаймыз, оқытамыз, содан кейін олар кезең-кезеңімен басқа түзеу органына кетеді. Бұл ағын бізге тігетін дайындамалардың сапасы мен санына қатты әсер етеді. Мәселе өзекті", - деп атап өтті Қарағанды аяқ киім фабрикасының директоры Серік Таласбеков. Кәсіпкер атап өткендей, егер тұтқындарды көшіру кезеңдері туралы мәселе шешілсе, ол РМК қабырғасында өз өндірісін кеңейтуге дайын. Әзірге кәсіпорын толық жұмыс істемейді, бірақ жоспарланған 5000 дайындаманың жартысын ғана тұтқындар жасайды. "Ізгілендіру аясында бізде қазір мекемелер режимі жүріп жатыр. Қазіргі уақытта сотталғандар әлеуметтік әділеттілік аясында басқа қалаларға кететін болады. Бізде 2-3 айға созылатын сәттер бар екен. Кейін барлығы штаттық режимде жұмыс істейтін болады",- деді "Еңбек-Қарағанды" ШЖҚ РМК директоры Радан Шаекин. Сондай-ақ, оларға ішкі істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігі тапсырыстар береді, бұл өте тиімді, деп атап өтті Жеңіл өнеркәсіп кеңесінің төрағасы Андрей Шмарин. "Мемлекеттік сатып алу туралы" заң сотталғандарды жұмысқа орналастыру мақсатында мемлекеттік тапсырыстарды бір қолға беруге мүмкіндік береді. Шамасы, аталмыш бизнес түрі кәсіпкерлерді қызықтырды.  "Бизнеспен талқыланатын тақырыптар бар, біз ортақ мүдделерді табатынымызға сенімдімін", – деді"Еңбек-Қарағанды" ШЖҚ РМК директоры.Кездесу қорытындысы бойынша Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер үшін кәсіпкер "кіре" алатын нысандарға Ашық есік күнін өткізуді ұсынды.

      Сонымен бірге, Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Парыз 2023» әлеуметтік жауапкершілік бойынша конкурстың да басталғаны туралы хабарлады. Бұл конкурс жеке кәсіпкерлік субъектілерінің халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған. Бұл байқаулардың барлығы кәсіпкерлерді ынталандыруға бағытталған. Алдағы уақытта мемлекет тарапынан Қарағанды облысының бес мыңнан астам кәсіпкері қолдау алатын болады. Бүгінде Қарағанды облысының әрбір екінші экономикалық белсенді тұрғыны шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. Кәсіпкерлердің 2,5 мыңнан астам жобасы мемлекеттік қолдауға ие болды, билік жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 5,5 мыңға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ алдағы кезеңде Қарағанды облысында 11 жаңа кәсіпорын ашылады. Сол үшін облыста 52 жобаның инвестициялық пулы құрылды. Жаңа кәсіпорындар ашу 12 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді деп күтілуде. ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында жаңа инвестициялық жобалар туралы «Биыл он бір жоба іске қосылады, оның үшеуі шетелдік қатысумен. 2179 жұмыс орны құрылады. Бүгінгі таңда бір жоба іске қосылды, – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.Жоғарыда айтылған жобалардамыған азаматтық қоғамды құрауға жасалған үлкен қадам. Ал дамыған азаматтық қоғам – мемлекет негізі.

   

Пікірлер