ТӨРЕГЕЛДІ ШАРМАНОВ: Жұрттың ас та төк той жасауы - ұлтты үлкен қатерге ұрындыратын дерт. Пайдасы жоқ нәрсеге ақша шашамыз.

1882
Adyrna.kz Telegram
Қазір дүниеге бала келсе де, айғайлап, әлемге жар салып, ұлан-асыр той жасаймыз. «Жасым пәленбайға келді» деп мүмкіншілігіне, айналасындағы адамдардың жай-күйіне қарамастан, дүркіретіп той жасау да әдетке айналды. Ысырапшылдық басым. Мұның бәрі жақсылық емес.
Жұрттың ас та төк той жасауы - ұлтты үлкен қатерге ұрындыратын дерт.
Қаншама қаракөздер тойып тамақ iше алмай, жарытып киiм кие алмай жүргенде, қанша дарынды балалар қаржының жоқтығынан тиiстi бiлiм ала алмай жүргенде, жан баласына пайдасы жоқ нәрсеге ақша шашамыз. Бұл экономикаға, моральдық жағдайға үлкен ықпал жасайды. Қазір тойшылдықтың заманы емес, қазір ойшыл болған елдер ұтады.
Пікірлер