Пригожин ісі ресейлік құзырлы орындарды айнытып жіберді

7797
Adyrna.kz Telegram

"Вагнер" жеке әскери компаниясының (ЖӘК) басшысы Вагнер Евгений Пригожин ұйымдастырған қарулы бүлікке қатысты қылмыстық істің тергеуі тоқтатылған жоқ және жалғасуда, деп хабарлайды "Адырна" порталы ресейлік басылымға сілтеп. 

«25 маусым күні БАҚ пен кей Telegram арналарында Пригожинге қатысты істі қозғау туралы шешім заңды және негізді деп танылып, артынша Бас прокуратура бұл шешімнің күшін жойды деген ақпарат таратқан болатын. Алайда, «Коммерсант» газетінің дереккөзі қылмыстық іс қозғау туралы шешім әлі жойылмағанын, көтеріліске қатысты тергеу жалғасып жатқанын айтты. «Коммерсант» дереккөзінің айтуынша, "басқа шешім қабылдауға тым аз уақыт өткен».

Еске салайық, 24 маусымға қараған түні Пригожин Ресейдің ресми әскери басшылығын соққы берді деп айыптап, өзі "әділет маршы" деп атаған әскери наразылық шарасын өткізген. Олар Дондағы Ростов  қаласынан Мәскеуге 200 шақырым қалғанша жүріп барған. Бүлік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соңғы сәтте, ресми нұсқа бойынша, Беларусь президенті Александр Лукашенконың арашалауымен Пригожин мәмілеге келіп, әскерін Мәскеудің шетіне қайтарды. Сондай-ақ Ресей президентінің баспасөз хатшысы қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданғанын хабарлаған.

Пікірлер