«Ресейдің әлсіздігі анық көрініп тұр». Зеленский Пригожиннің бүлігі жайлы пікір білдірді

3672
Adyrna.kz Telegram
Фото: pravda.com.ua
Фото: pravda.com.ua

Украина президенті Владимир Зеленский “Вагнер” басшысы Евгений Пригожиннің бүлігі жайлы пікір білдірді. Бұл туралы Зеленский Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ресей өз билігінің әлсіздігі мен ақымақтығын көптен бері үгіт-насихатпен бүркемелеп келеді. Ал қазір хаостың ауқымды болғаны сонша, оны ешқандай өтірікпен жасыра алмайсың. Осының бәрінде бір ғана адам қайта-қайта жұртты 1917 жылмен қорқытады, бірақ оның қолынан басқа ештеңе келмейді. Ресейдің әлсіздігі айдан анық көрініп тұр. Толық ауқымды әлсіздік. Ал Ресей өз әскерлері мен жалдамалыларын біздің жерімізде неғұрлым ұзақ ұстаса, соғұрлым хаос, қайғы мен проблемалар өздерінде де көп болады. Бұл да анық», - деді Украина президенті.

Еске салсақ, 24 маусымға қараған түні Евгений Пригожин Ресей қорғаныс министрлігін соққы берді деп айыптап, қарулы қақтығыс басталғанын мәлімдеген. Кейінірек Евгений Пригожинге қарсы қарулы көтеріліс ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады.

Пікірлер