Семейдегі өрттен соң. Президент министрді қабылдады

2083
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлайды “Адырна” Ақордаға сілтеп.

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова өз баяндамасында:

- орман шаруашылығын материалдық-техникалық тұрғыдан жабдықтау мәселесін, соның ішінде техника сатып алу және ықтимал орман өртін алдын ала анықтау жүйелерін орнату бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде;

- табиғатты қорғау және орман шаруашылығы мекемелеріне қажетті өртке қарсы құрал-жабдықтар мен техникалардың тізімін кеңейту үшін тиесілі нормаларды жаңарту жұмыстары басталғанын;

- негізгі өзен бассейндеріндегі, әсіресе,еліміздің оңтүстік аймақтарындағы су тапшылығы жағдайында вегетациялық кезеңнің қалыпты өтуі үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдау барысында табиғатты қорғау бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын күшейту ісін кешенді түрде жүзеге асыру маңызды екенін атап өтті.

 

Пікірлер