“Әділдік сұраймын”. Мұхамедиұлының ісі бойынша сотталған бухгалтердің ұлы Тоқаевтан көмек сұрады

3677
Adyrna.kz Telegram

Экс-мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша сотталған Айым Сәдуақасованың ұлы Нұрбек Сәдуақасов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына өтініш жолдады. Бұл туралы Сәдуақасов әлеуметтік желідегі парпқшасына жарияланған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол өз сөзінде президенттің атына орындалмас тілек айтып тұрмағанын, өзінің тек әділдікті сұрайтынын айтады.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіз еліміздегі Конституция мен әділеттің кепілісіз. Мен, әрине, жаңа ұрпақ ретінде, жаңа Қазақстанды қолдаймын, бірақ менің барлық үмітім 2023 жылдың 20 маусымында сөнді. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты, дәлірек айтсақ, Арыстанбек Мұхамедиұлының 150 миллион теңге жымқырды деген ісі бойынша менің анама қатысты қатаң әрі әділетсіз үкім шығарды. Мен тек әділдікті сұраймын, – делді Сәдуақасов.

Оның айтуынша, бұл іс қолдан әдейі жасалған. Сот барысында айыптау және куәгерлер тарапынан ешқандай айғақ болған жоқ, дейді ол.

Еске, Exponat ЖШС бас есепшісі Айым Сәдуақасова жеті жылға бас бостандығынан айырылған еді. Іс бойынша Мұхамедиұлынан бөлек айыпталушы ретінде оның орынбасары Алмаз Нұрасхан, Exponat ЖШС директоры Азамат Көшенов пен бас есепші Айым Сәдуақасова да бар.Үшеуі де мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынып, жеті жылға бас бостандығынан айырылған.

Айта кетейік, 21 маусым Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Пікірлер