Полиция қызметкері абайсызда адам атып алды

2305
Adyrna.kz Telegram

Жарақат алған әйел облыстық ауруханаға жеткізілді

Атырау әуежайында полиция қызметкері абайсызда әйел адамның аяғынан оқ атқан, деп хабарлайды жергілікті Ақжайық басылымы.

29 наурыз күні сағат 16.30 кезінде жолаушылар терминалында атылған оқ үні шықты. Болжам бойынша, полицияның желілік бөлімінің қызметкері табельдік қаруын тексермек болып, байқаусызда шүріппені басып жіберіпті.

Атылған оқ күту залында отырған Атырау тұрғынының аяғына тиген. Жас әйел әуежайға Астанадан келе жатқан туыстарын қарсы алуға барған екен.

Зардап шегуші облыстық ауруханаға жеткізілді. Полиция сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Пікірлер