Англияда дәрігерлер үшінші күн қатарынан шеруге шықты

1724
Adyrna.kz Telegram

Англияда үшінші күн қатарынан кіші санаттағы дәрігерлер ереуілдетіп жатыр. Егер үкімет жалақыны көтермесе, олар жаз бойы жұмысқа шықпауға бекініп отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме көрсетіп.

Бұған дейін болған наразылықтар кезінде 200 мыңға жуық науқас ем-домсыз қалғаны белгілі. Кәсіподақ ұйымының мүшелері үкіметтің ұсынған 5 пайыздық үстемақысы мардымсыз деп мәлімдеді.

Ұлыбританияда кіші санаттағы дәрігер деп медициналық оқу орнын бітірген және 5 жылдан кейін дәрігер болуға талаптанып жүрген мамандарды айтады. Олар ұлттық денсаулық сақтау қызметінің шамамен 45 пайызын құрайды.

«Жалақымызды 35 пайызға көтеруді талап етеміз. Бір мезетте емес, кезең-кезеңімен өсірсін. Өйткені соңғы 15 жыл көлемінде табысымыз инфляцияға ілесе алмай келеді», - дейді Кәсіподақ ұйымының өкілі Суми Маниражан.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер