Қазақстандықтар Абай облысына көмек ретінде қанша қаржы жинады?

2323
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық еріктілер желісі Абай облысындағы өртке байланысты қазақстандықтардың арқасында жиналған қолдау көлемі туралы хабарлады, деп жазады "Адырна". 

Ұлттық еріктілер желісінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк атап өткендей, соңғы мәліметтер бойынша 127 миллион теңгеден астам қаржы жиналған.

«Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында 127 630 046 теңге жиналды, жұмсалған қаражаттың барлығы қолма-қол ақшасыз жіберілді. Ұлттық волонтерлік желі қаражат жинауға атсалысқандардың барлығына шексіз алғысын білдіреді. Сіздердің көмектеріңіз әлемнің жақсы адамдарсыз емес екенін тағы да дәлелдейді! Қайырымдылық жасаған әрбір адам өз өмірінде міндетті түрде жақсылыққа ие болады деп сенеміз», - делінген ұйым таратқан хабарламада.

Сондай-ақ ұйым қаржының қандай бөлігінің жұмсалғанын да хабарлады.

  • Азық-түлік жеткізу үшін 4000 литр бензин сатып алуға – 800 мың теңге жұмсалды;
  • ЗИЛ автокөлігі мен өрт сөндіру машиналарының қосалқы бөлшектерін сатып алуға – 78 205 теңге жұмсалды;
  • Жабдықтарды сатып алу: кабель, пауэрбанк және т.б. (құтқарушылар мен эвакуацияланушыларға қажет) – 205 036 теңге;
  • Провизияларды сатып алу және қамтамасыз ету – 3 млн.теңге
  • Сондай-ақ қаражаттың бір бөлігі дәрі-дәрмекке жұмсалды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер