Қазақстан президенті өңір басшыларына халықпен жиі кездесіп, елді мекендерді аралауға тапсырма берді
НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз — Sputnik. Ақордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен кеңес басталды. Жиынға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері қатысты, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Сонымен қатар, Тоқаев халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін инфрақұрылымға қатысты жүйелі мәселелерді шұғыл шешудің маңызды екенін атап өтті.
Ақордадағы кеңес барысында президент мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы тиімді байланыстарды жолға қоюдың маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың коммуникацияның заманауи арналарын пайдалана отырып, тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажеттігін атап өтті.
Мемлекет басшысы өңір әкімдеріне халықпен үнемі кездесуге және елді мекендерді жиі аралауға тапсырма берді.
Sputnik.