Қазақстан президенті өңір басшыларына халықпен жиі кездесіп, елді мекендерді аралауға тапсырма берді
НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз — Sputnik. Ақордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен кеңес басталды. Жиынға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері қатысты, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
"Ақордадағы кеңес барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған әлеуметтік тұрғыдан әділетті ел құру бағытын жалғастыруды міндеттеді. Соның ішінде президент әкімдерге әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер беру мәселесін жеделдетуді және бұл үдерісті биылғы мамыр айынан бастауды жүктеді", - деп жазды баспасөз хатшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Sputnik.