Екі адам қаза тапты. Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды.

2577
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысында жол апатынан екі жолаушы қайтыс болды. Бұл туралы polisia.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

13 маусымда Шарбақты ауданының Галкино-Жаңаауыл аудандық автожолында ВАЗ-21703 автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, аударылды.

Салдарынан 2004 жылы туған жолаушы алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды, 1987 жылы туған жолаушы ауруханада қайтыс болды. Түрлі жарақаттары бар тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.

ҚР қылмыстық кодексі 345-1-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Пікірлер