9 адам қаза тапты. Балқашта жантүршігерлік жол апаты болды

2385
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/80b0c5db-673a-46b9-ba4a-f269d8a3d258.jpeg
Балқашта жол апатынан 9 адам қаза тапты.  Бұл туралы polisia.kz мәлімдейді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
19 тамыз күні сағат 6:00 шамасында Балқаш – Приозерск тас жолында, Гүлшат кентінен 5 шақырым жерде Toyota Camry 70 пен Honda Odyssey көліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 9 адам оқиға орнында қайтыс болды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады Балқаш қалалық полиция бөлімінің бастығы Айткен Кадрин.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Пікірлер