Әлемге танымал қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің атасы дүниеден өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Димаштың әжесі, Миуа Низамутдинова Димаштың атасына тартқандығын айтып, былай дейді:
Қазақты күллі әлемге танытқан Димаштың атасы, қадірлі ақсақалымыз Құдайберген аға дүниеден озды. Алла алдынан жарылқағай. Қанат Айтбаев, Света Айтбаева, мықты болыңыздар, - деп жазды журналист Бауыржан Бабажанұлы.Айта кетейік, Димаш атасы Құдайберген Айтбаевтың қолында өскен. Ата-әжесі Құдайберген Айтбаев пен Миуаз Низамутдинова осыдан бес жыл бұрын отасқандарына 50 жылдық "алтын тойын" тойлаған еді.
Димаштың әжесі, Миуа Низамутдинова Димаштың атасына тартқандығын айтып, былай дейді:
«Көзінің үлкендігі, шашының қалыңдығы... Атасына ұқсаған тұсы көп. Атасы да жас күнінде осындай болды. Маған да ұқсайтын жерлері бар. Мәселен, маған қаралығы тартқан», - деп жауап берді.Еске сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсанында танымал әнші Димаштың атасы Құдайберген Айтбаевқа «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар