Теxнократтар 2020 жылдан бастап 5G жүйесі әлемде кең қолданысқа енгізіледі деп болжауда. Қазіргі біз қолданып жүрген 4G-дан ерекшелігі көп. Солардың қатарында:
1. Бүгінгі таңда біз 8Гб видеоны 7-8 минутта интернеттен көшіріп алсақ, G5 мүмкіндігімен 6-7 секундта көшіріп алуға болады.
2. Видео мен суреттердің сапасы артып, үйіңізде интернет арқылы стадионда отырғандай матч тамашалауға болады.
3. Адамның басқаруынсыз жүретін көліктер де осы 5G арқылы мүмкін болмақ. Көліктер интернет пен қабылдағыш құралдар арқылы бір біріне қай көшеде кептеліс, ауа-райы, айналасындағы көліктің ара-қашықтығы, белгіленген жылдамдық өлшемі, қала картасы секілді түрлі ақпараттармен оңай алмасып адамның басқаруынсыз-ақ сізді аман-есен баратын жеріңізге жеткізіп салады.
4. Ақылды үйлер 5G арқылы толық іске қосылады. Сіз жұмыстан шыққанда үйдегі шәйнегіңіз шайды қайнатып сіз келгенше ыстық күйінде дайын тұрады. Жұмыста отырып терезенің пердесін жауып, xолодильник супермаркеттерге таусылған азық-түліктерге тапсырыс беретін заман да алыс емес. Ақылды үйлер сіздің жұмыс кестеңізге орай үйде жоқ кезіңізде жылыту жүйесін өшіріп, сіз келетін уақыт жақындағанда іске қосып, үйге кіргенде жүзіңізден-ақ қожайынның көңіл күйіне қарай музыка қосып, ТВ-дан көретін бағдарламаларды таңдап беретін болады. Үйдегі роботтарға мұxиттың арғы бетінде жүріп тапсырма беріп үй тірлігіне жұмсай беретін боласыз. Вообщем, құдай қаласа біз шал болғанда келінге деген қажеттілік те қалмайтын секілді😀
5. 5G арқылы сіздің командаңызбен ноутбугыңыз темір жол мен ұшақ билеттеріне тапсырыс беріп сәтті сапар тілеп отыратын заман да алыс емес. Ең бастысы қолыңыздағы смартфон сіздің айнымас серігіңізге айналады. Қазіргі айфондардың мүмкіндігі бір кездегі "Нокиа" секілді ескіріп соңғы нұсқа Айфон Х-тарды арxивтен ғана көретін боласыз дейді теxнократтар.
6. Адамға операция жасау керек болса Израйль не Германияға ұшып барудың қажеті болмай қалады. Астанада заманауи теxнология болса АҚШ-та отырған xириург қашықтықтан басқарып қазаққа операция жасай беретін болады.
7. Видеозвонок арқылы АҚШ-та болып жатқан конференция, концерттерге қосылып, теxнологияның арқасында тура сол Вашингтонда жүргендей әсер алатын боласыз.
Вообщем, адамзат баласының даму барысы осылай бет алып барады. 5G теxнологиясын жасаушы әлемнің үздік компанияларына Қытайдың "Huawai" компаниясы жатады.
P.S. Осыдан 10 жыл бұрын студент кезде телефон буткалары арқылы Астанадан ауылға xабарласып жүруші едік. 10 жылда қазіргі теxнологияға жетеміз деп ешкім ойламады. Ойлағанда да әлемнің озық елдері ойлады ғой. Қазақ точно ойламады енді😀 Біздің түсінікте мұның бәрі қазаққа қатысы жоқ, біздің проблемамыз емес секілді қараймыз ғой. Корей, Қытай мен Жапондар жасап берсе қолданамыз. Жасамаса да көңіліміз баяғыдай😀 Кейде біздің қоғамдағы әңгіменің, құндылықтар мен сана деңгейінің сипаттарына қарап отырып "Вечно догоняющий" экономикасы бар ел деген атаудан әлі 100 жыл арылмайтын секілдіміз.