ДИАС НҰРАҚЫН: "Семей орманы" мекемесінде дәл қазір басшы жоқ. Өйтеміз-бүйтеміз деп ауызбен орақ орып жүргенде 14 отбасы аңырап қалды.

2580
Adyrna.kz Telegram
Абай облысындағы алап өрт 14 адамның өмірін жалмады. От пен судың ортасында қалғандар тірідей жанып кеткен. Бейбіт күнде бақилық болған батырлардың өліміне кім жауап береді?
"Семей орманы" мекемесінде дәл қазір басшы жоқ. Ол орманды заңсыз отады деген күдікпен 2-3 ай бұрын жұмыстан қуылған екен.
Ормандағы қарағайды сатып, артын жабу үшін әдейі от қойды деген де сыбыс бар. Анығын тергеушілер айтар.
Өткен аптада ғана Семей орманы мекемесінде өртке қарсы техника, дабыл жүйесі жоқ екенін Экология министрі мойындады. Зүлфия Сүлейменова тез арада ақша бөліп, орманшыларды қажетті құрылғылармен жабдықтаймыз деген.
Өйтеміз-бүйтеміз деп ауызбен орақ орып жүргенде 14 отбасы аңырап қалды.
Қарағайды қорғаймыз деп қара басын қауіпке тіккен өрт сөндірушілер иманды болсын!
Пікірлер