Әшімбаев: Астананы Нұрсұлтан деп өзгерту туралы шешім қабылданды

2856
Adyrna.kz Telegram
"Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары Мәулен Әшімбаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астананы Нұрсұлтан деп өзгерту туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді. Ол шешім қабылданғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Фото: Максима Золотухина
"Бұл дұрыс шешім. Астанаға қанша еңбек пен энергия кетті. Ойлап көріңізші, Астана - бұрынғы облыс орталығы, бұрынғы Целиноград, Ақмола. Ал қазір Астана - Еуразиядағы дамыған қалалардың, әлемдік ірі орталықтың бірі болып табылады.
Қасым-Жомарт Кемелұлының шешімі өте дұрыс және заңды. Біз оны қолдаймыз және астаналықтарды және барлық қазақстандықтарды қала атының өзгеруімен құттықтаймыз", - деді ол.

Журналистер Әшімбаевтан шешім қабылданды ма деп сұрады. Депутат бұл сауалға оң жауап берді.

Пікірлер