Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Данат Жумин Tesla компаниясының негізін салушы Илон Маскқа қалаға аккумуляторлық зауыт салу үшін сондай-ақ зарядтау өндірісін құруды ұсынды. Бұл туралы Фейсбук парақшасында жартиялады.
Шымкент қаласының билігі атынан кәсіпкерге жерді тегін беруді, сондай-ақ жеңілдетілген несие беруді және болашақ кәсіпорынды салықтан және кедендік баж салығынан босатуды ұсынды.
«Мүмкін, бұл кәсіпорыннан ештеңе болмайды. Бірақ біз өзара байланыстылығымыздың таңғажайып уақытында өмір сүріп жатырмыз.Тырысып көрейік », - деді әкімнің орынбасары.
Лауазымды тұлғаның бұлай жазуының себебі - Масктың Қазақстанда Tesla зарядтау станцияларын құру мүмкіндігі туралы соңғы уәдесі. Американдық өнертапқышқа өзінің ұсынысын жеткізу үшін Жумин оқырмандарынан Масктың Twitter парақшасында жариялануын, және Илонның "сөзінде тұруын" сұрауға шақырды. Көптеген қазақстандықтар осы ұсынысты қолдап, флэш-мобты іске қосты: дүйсенбі күні кешке, Жуминнің өз парақшасында жазған сөздері Масктың Твиттерінде де пайда болды.
"Адырна" ұлттық порталы