Сахалар неге ашуланды?

5652
Adyrna.kz Telegram

Якутск республикасының  астанасы Саха қаласында кешеден бері мыңдаған адамның қатысуымен митинг өтуде. Жергілікті тұрғын әйелді Қырғызстаннан келген мигрант зорлады деп күдіктеліп, тұтқындалған болатын. Бұның арты наразылық митингісіне ұласып,  жергілікті тұрғындар мигранттарды елден шығаруды талап етуде.

Жиналғандар алдында Якутияның басшысы Айсен Николаев сөз сөйледі. Ол қылмыскерді заңға сәйкес жазалайтынын мәлімдеді. Алдағы  наурыз және сәуір айларында елге келуші мигранттарды  жаппай тексеріп, көші-қон режимін бұзушыларды депортацияланатынын айтты. Бұл жағдайда ресми өкіл зорлық-зомбылыққа жол бермеуді өтінді.

Якутияның басшысы  митингке жиналған Якутск тұрғындарының ашуын түсінетінін айтты. «17 наурыздың түні Якутскте болған бұл қылмыс бәрімізді таң қалдырды. Якутск қаласының тұрғыны, қызымен ғана тұратын жалғыз басты әйелді жұмыстан кейін  үйіне оралғанда  үйдің ауласында белгісіз біреулер машинаға күштеп кіргізіп, алып кетіп зорлаған. Құқық қорғау органдары жедел жұмыс істеді, барлық үш күдікті ұсталды «, - деді Николаев.

Оның айтуынша, Якутия - 120-дан астам ұлт өкілдері тұратын көп ұлтты республика, сондықтан этникааралық қақтығысты тудыруға емес, тұрғындарды заңсыз көші-қонмен күресуге шақырды.

Саха Республикасы Қоғамдық палатасы тұрғындарды арандатуларға ұшырамауды, тыныштық сақтауды және шапшаң әрекеттерге жол бермеуді сұрады. «Қылмыскерде ұлт болмайды, ал қылмыстың әрекетін бағалау қолданыстағы заңнаманың шеңберінде берілетініне сенімдіміз», - делінген хабарламада.

17 наурызда болған оқиғадан соң ашулы жергілікті тұрғындар мигранттарды көшеде өз бетінше жазаламаққа көшкен. Автобус жүргізушілері мен жеміс-жидек, көкөніс сататын мигранттар көшеге шыға алмай қалған.

Якутиядағы жағдайға орай Қырғызстан шұғыл түрде өкілдерін аттандырды.  Қырғызстанның ішкі істер министрлігінің Ресейдегі өкілі, вице-консул Дастан Ниязалиев, Ресейдегі қырғыз диаспорасының көшбасшысы Жазбек Бекболиев және көші-қон қызметінің басшысының орынбасары Самат Тоқтоболотов Якутиядағы қызу жағдайды талқылауда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер