Бішкекте өткен халықаралық турнир. Қазақстан балуандары төрт медаль жеңіп алды

6134
Adyrna.kz Telegram

Бішкекте өткен халықаралық турнирде қазақ балуандары төрт медаль жеңіп алды. Бұл туралы спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша,  Қазақстан құрамасы екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алған.

Осылайша Бішкекте Қожамқұл Қабаұлы мен Рәтбек Санатбаев атындағы күрестен рейтингтік турнирдің үшінші күні аяқталды.

Әйелдер күресінен 55 келі салмақта Марина Седнева, 72 келі салмақта Жәмилә Бақбергенова жеңіске жетті. 65 келі салмақта сынға түскен Ирина Казюлина күміс жүлдені жеңіп алды. Еркін күрестен 97 келі салмақта Нұрсұлтан Азов қола медалға ие болды, - деп хабарлады дирекциядан.

Пікірлер