“Қасым-Жомарт, кішкентай кезіңде мен сені еңкейіп тұрып бетіңнен сүюші едім, қазір сен биіктеп кеттің, бойым жетпей қалды...”

14752
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/8e219870-0c10-4616-9933-d4987aa92f3b-960x500.jpeg?token=a2e6def619aadce088c7450fcaedddf9
Қай жылы, қандай жиналыс екенін ұмыттым, Тұманбай ағама еріп барғаным есімде, Алматыдағы Жазушылар одағына Қасым-Жомарт Кемелұлы келді. Айтпақшы, әкесі Кемел Тоқаевтың сексен жылдығына арналған шарға кесе керек. Алдыңғы қатарда отырған ақсақал жазушыларға жағалай қол беріп, асандаса бастады. Марқұм Әзілхан Нұршайықов ағамыз орнынан тұрып, "Қасым-Жомарт, кішкентай кезіңде мен сені еңкейіп тұрып бетіңнен сүюші едім, қазір сен биіктеп кеттің, бойым жетпей қалды..." - деді. Сол-ақ, екен, Қасым-Жомарт Кемелұлы "Әзаға, онда енді мен еңкейіп, Сізге бетімнен сүйгізейін!" - деп, Әзілхан Нұршайықов ағамыздың алдына келіп, еңкейіп бетінен сүйгізді. Өзі де құшақтап, Әзілхан ағамыздың бетіңнен сүйді. Зал толы адам еді, бәрі тебіреніп кетті, білем, орындарынан тұрып, қол соқты....

Ауыт Мұқибек

 
Пікірлер