Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың 47-ші Президенті Дональд Трампқа жеделхат жолдап, оны 20 қаңтарда Вашингтонда өткен ұлықтау рәсімінде АҚШ Президенті қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Жеделхатта Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының энергетика, ядролық қаруды таратпау және халықаралық қауіпсіздік салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастығы одан әрі табысты дамитынына сенім білдірілген.
Ұқсас жаңалықтар
Ер адамнан зорлық көрген жасөспірім қыз, ер тергеушіге басынан өткен жағдайды қалай айтады? - Айгүл Орынбек