Қызылорда облысының әкімі сәбилер үйіне сыйлық жасады

2026
Adyrna.kz Telegram

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстық мамандандырылған Сәби үйіне барып, жұмысымен танысты.

Аймақ басшысы «Бар мейіріміміз – балаларға» атты ертеңгілікке қатысып, балалардың өнерін тамашалады. Оларға мерекелік сыйлық табыстап, естелік суретке түсті. Іс-шара барысында Нұрлыбек Машбекұлы мекеме тәрбиеленушісі Әділбек Санжардың тұсауын кесіп, алғашқы қадамына ақ жол тіледі.

Әрі қарай облыс әкімі Сәби үйінде 2022 жылы демеушілік арқылы салынған тұзды шахта бөлмесін және 2020 жылы іске қосылған сенсорлық бөлмені, егу, емдік-денешынықтыру, физиотерапия кабинеттерін аралады. Үш жыл бұрын мекемеге қондырылған цифрлы бейнебақылау жүйесін, ән-күй, Монтессори кабинеттерін, ата-ана мен баланың кездесу бөлмесін көрген аймақ басшысы ұжым сәттілік тілеп, мерекелік сыйлық тарту етті.

Айта кетейік, облыстық Сәби үйі 2012 жылы «Сәби» қайырымдылық қорының гуманитарлық көмегімен ашылды. Нысан 60 орынға арналған, қазіргі таңда мұнда 45 бала тәрбиеленуде.

Пікірлер