ИЛОН МАСККЕ ОЙ САЛҒАН ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ

3297
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-та 2019 жылы 14-ші наурыз күні әйгілі TESLA электромобильдерінің презентациясы өтті. TESLA электромобильдерінің презентациясына қазақтың қызы Зәуре Розмат барып қатысқан екен. Элон Масктың электромобильдері қазіргі уақытта дүниенің әрбір елдеріне экологиялық тазалығымен, қуаттылығымен, үнемділігімен танымал болып тарап жатыр. Масктың TESLA электромобильдері компаниясына ұлты қазақ, азаматтығы америкалық Әнуарбек Иманбаев акционер екен. Атақты Элон Маск біздің Қазақстанды сол Әнуарбек Иманбаев арқылы жақсы таниды екен. Қазақтың азаматтары сонау «Мүмкіндіктер елі» АҚШ-та да алпауыт компанияларға акционер болып жүр. Сонымен қатар бұл азамат біздің Қазақстан жайында Элон Маскті хабардар етіп жүрген. TESLA электромобильдерінің презентациясы кезінде біздің қазақтың қызы Элон Маскке біздің Қазақстанға TESLA-ның өндіріс орындарын ашу бойынша ұсыныс айтыпты. Қандай батыр қыз!? Сонда Элон Маск: «Біз дүниенің көп елдеріне өзіміздің SUPERCHARGER қуатты станциясын орнатып жатырмыз. Болашақта Қазақстанда да орнатамыз»,-деп жауап беріпті. Осыны естіп қуанып қалдым. Құдай қаласа, Элон Маск өзінің станцияларын әкеліп салып жатса, инвестиция тартып жатса бұл үлкен жетістік. Элон Маск ешқашан да бекер айта салмаса керек. Оның қызметкерлері Зәуреге Элон өзінің айтқанын қашанда іске асырады деп түйіндепті.
Негізі біздің технологияға қызығатын технократ азаматтар өркениетті АҚШ, Жапония, Германия, Оңтүстік Корея сияқты елдерге барып, технологияға қатысты көп нәрсе үйреніп, елге келіп жаратып жатса қандай керемет болар еді. Сондай өркениетті елдерге қыдырып, серуендеп барғаннан, технологияға қатысты бір нәрсе үйренемін деп барған біздің елге үлкен олжа алып келеді. Бұл қазіргі жастардың еншісіндегі дүние. Қазақ баласына технология, ғылым, өндіріс, өркениет керек, ағайын...

Суретте Элон Масктің анасы

Бекболат Қаржан

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер