Путиннің Тоқаевқа жұмбақ хатының сыры. Ақорда түсіндіреді

6661
Adyrna.kz Telegram
Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz

Мәскеуде өткен ЕАЭО саммиті кезінде Ресей президенті Владимир Путиннің Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырған хатының мазмұнын айтылды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Tengrinews.kz-ке берген жауабында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ол хатта ресейлік тараптың ЕАЭО елдері басшыларының шағын құрамдағы кездесуінде қойылған сұраққа жауабы жазылған. Кездесуде қазақ компанияларының тауарларын Ресейдің ішкі тарифтері бойынша тасымалдау туралы мәселе айтылған еді. Осы мәселе бойынша Ресей өз ұстанымын жеткізді. Яғни, Ресей Үкіметі Қазақстан аумағында межелі пункті бар тауарлар жеңілдетілген тарифті пайдалана алады деп есептейді. Ал Ресей аумағы бойынша транзитпен жүретін тауарларға экспорттық тарифтер қолданылуға тиіс деп санайды.

Президент Үкіметке 2015 жылғы ЕАЭО құру туралы шарт қағидаттары негізінде осы мәселе бойынша Ресей тарапымен келіссөздерді жалғастыру туралы тапсырма берді, –  деді Руслан Желдібай.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен ЕАЭО-ның саммитіне қатысып, бірнеше маңызды мәлімдеме жасаған болатын.

Пікірлер