Алматы облысында "өз қыздарын зорлап келген" күдікті әкенің ісі қаралуда

4915
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысының полиция департаменті өз қыздарын зорлады деген күдіктіге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл дерек аудандық ішкі істер бөліміне тіркелген.

"Қазіргі уақытта 57 жастағы күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Істі дұрыс шешу үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», - деді Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ПД бұл факті бойынша бұрын полицияға ешкім хабарласпағанын атап өтті. Тергеу барысы облыстық департамент басшысының ерекше бақылауына алынды.

Аталған жайтты әлеуметтік желіде журналист Сандуғаш Дүйсенова хабарлады. Оның айтуынша, бұл оқиға Алматы облысындағы Есік қаласында болған. Әкесі кәмелетке толмаған екі қызын бірнеше жыл бойы зорлап келген. Қыздары қатты қорқып қалғанын жазды ол.

«Осы жылдар бойы қыздар есейгенше шыдапкелген. Зорлау фактілері бар, қыздар осы жылдар бойы аудиожазба жинап келген! Әлгі адам аудандағы өте беделді адам, Ақша бере ме деп қорқамыз», - деп жазды Сандуғаш Дүйсенова Instagram әлеуметтік желісіндегі anry_taldyk парақшасында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Сандугаш Дуйсенова (@angry_taldyk)

 

Пікірлер