Алматы облысында көші-қон заңнамасын бұзған 1668 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

920
Adyrna.kz Telegram
twitter
twitter

Жыл басынан бері Алматы облысына аумағына келген шетел азаматтарының саны 7763 адамды құрады. Оның ішінде ТМД мемлекеттерінен өңірге келетін адам саны айтарлықтай көп. Мәселен,  Ресейден 1020,  Өзбекстаннан 5938, Қырғызстаннан 382, Тәжікстаннан 268, Беларусь мемлекетінен 14, Украинадан 4, Армениядан 18, Әзірбайжаннан 20, Грузиядан 2 азамат Алматы облысына шекара асып келсе, Түркия мен Қытайдан 1, Ауғанстаннан 10 адам облысқа уақытша қоныстанған.

Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінің берген дерегіне сүйенсек, көші-қонға бақылау жасау барысында 1668 тұлға көші-қон заңнамасын бұзып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде-55-і  Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарылып жіберілген.

Осы уақытқа дейін шетелдік азаматтармен 34 қылмыс жасалған, оның екеуі алаяқтық,  28-і ұрлық, сонымен қатар,  тонау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, адам өлтіру, зорлау дерегі бойынша бір қылмыстан тіркелген.

Биылғы жылдың  4 айында ықтияр хатты 2161 шетелдік азамат алған.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара режимінің белгіленген тәртібіне және Қазақстан Республикасының аумағына болу тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар  ҚР ӘҚБтК-нің 510-519 баптарымен қарастырылған.Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы- он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберуге алып келеді (ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабы)»,-дейді Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Көшіп-келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысына сай:

- көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болуының рұқсат етілген мерзімі:

- егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен жасаған келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе, Қазақстан Республикасына виза алуды талап етпейтін тәртіппен келген көшіп келушілер үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн, күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік тоқсан күн өткен соң;

- ЕЭО мүше мемлекеттерінің азаматтары үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн, күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік тоқсан күн өткен соң;

Қазақстан Республикасы ІІМ нұсқауын орындау мақсатында (шығ. №1-8-3-33/595-И 10.02.2023 жыл), Алматы облысының аумағында 2023 жылдың 20 ақпаны мен 28 ақпаны аралығында Жедел-профилактикалық шара «Мигрант» өткізілеген болатын. Жедел-профилактикалық шара барысында 367 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Қабылдау-таратуға 170 шетелдік жіберілді. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберілгендер саны 26 құраса, шетел жұмыс күшін тарту бойынша  17 тұлға заңнаманы бұзған.

Пікірлер