Талас ауданында 2022-2025 жылдарға 49,8 млрд тенгенің 8 ірі жобасы жүзеге аспақ

2200
Adyrna.kz Telegram

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков пен Қаратау қаласының әкімі Дархан Баймбетов БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясын өткізді. Талас ауданында 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың  жалпы көлемі 1 млрд. 781 млн. 700 мың теңгені құрап, 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 55,0%-ға немесе 1 млрд. 458 млн.теңгеге кем орындалған. Бұл көрсеткішті аудан әкімі «Талас Инвестмент Компании» ЖШС зауытының құрылысының кеш басталуынан және «Каратау Кемикалс» ЖШС құрал жабдықтарының кеш келуімен байланыстырды. Ауданда 2022-2025 жылдарға 49,8 млрд тенгенің 8 ірі жобасы жоспарланған. Онда 617 адам жұмыспен қамтылмақ.

«Ауыл шаруашылығы өнімі қаңтар-сәуір айларында 3 млрд. 690 млн. 800 мың теңгеге өндіріліп, 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 95,6%-ға немесе 171 млн. 300 мың теңгеге кем орындалды. (2022 жылы 3 млрд. 851 млн. 700 мың теңге).  Нақты көлем индексі 101,2%-ды құрады. Ағымдағы жылдың 4 айы бойынша МІҚ- 36086 бас, қой-ешкі- 500441 бас, жылқы – 16051 бас, түйе – 2557 бас, шошқа - 212 бас, үй құстары – 39950 бас болып отыр. МІҚ 100,3%-ды, қой-ешкі 100,6%-ды, жылқы 101,7%-ды, түйе–101,1%-ды, шошқа 105,0%-ды,  үй құстары 100,4%-ды құрап отыр. 4 ай бойынша мал мен құс еті (тірідей салмағымен) – 3418,4 тонна, сүті – 1867,0 тонна, алынған тауық жұмыртқалары – 736,0 мың дана. Бұл өткен жылғы осы уақыттағы көрсеткіштермен салыстырғанда:Ет 101,2%-ды, сүт 101,6%-ды, жұмыртқа 100,5%-ды құраған. Егіс- дала жұмыстары жайлы. 2023 жылдың өнімі үшін барлығы 14195 гектар алқапқа ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылады және 953 га пар дайындалады. Яғни, барлық егістік жердің 72% игеріледі. Оның ішінде: күздік бидай 5000 гектар және бұрынғы жылдардағы көпжылдық шөп 4465 гектарды  құрайды. Көктем айларында 4730 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған.  Оның ішінде: 1600 гектар жаздық арпа, 500 гектар дәндік жүгері, 750 гектар мақсары, 50 гектар күнбағыс, 130 гектар картоп, 300 гектар бақша, 200 гектар көкөніс және 1200 гектар көпжылдық шөп.  Бүгінгі күнге 4282 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.Оның ішінде: 1600 гектар жаздық арпа, 750 гектар мақсары, 50 гектар күнбағыс, 130 гектар картоп, 240 гектар бақша, 150 гектар көкөніс және 1200 гектар көпжылдық шөп.  Сонымен қатар, 62 гектар қант қызылшасы себілді. Ауылшаруашылығы техникаларын жаңалау туралы. 2023 жылдың 4 айында аудан бойынша барлығы 88,1 млн.теңгеге
4 бірлік трактор және 12 бірлік әртүрлі ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Жоспар 2,1 пайызға орындалды. 2023 жылға жаңару жоспары 93 бірлік (12%).»,-деп атап өтті Нұрбол Жүнісбеков.

          Ал, Қаратау қаласында 2023-2027 жылдар аралығында қаладағы тозығы жеткен 51 көшеге  орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Ағымдағы жылға жоспарланған 6 көшенің алғашқы 2 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толықтай аяқталды. Сондай-ақ, одан бөлек              2 көшеге (Шахтерский және Б.Момышұлы) қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілмек. Бұл туралы Қаратау қаласынының әкімі Дархан Баймбетов мәлімдеді. 

«Қаланың табиғи газбен қамтылу деңгейі – 7 532 немесе 91,33 пайыз;

Ауыз су жүйелерінің ұзындығы - 128,0 шақырымды құрайды. Қалада ауыз су толықтай қамтамасыз етілген. Тек қаланың шеткі бөлігінде орналасқан «Флора», «Достық», «Строительный» саяжайларында ауыз су жоқ. Ауыз су тарту мәселесі бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленген. Аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тарапынан бюджеттік өтінім берілген. Ауыз су тарту жұмыстары 2024 жылға жоспарланған.

Кәріз жүйесі - 72,5 шақырымды құрайды. Қала аумағындағы тазалықтарды жүйелендіру үшін кәріз тазарту станциясын орнату қажет.

Жылу құбырлары - 28,9 шақырым. Оның ішінде 7,1 магистральдық жылу құбыры. Бүгінгі күнге жылу желілерінің 12,5 шақырымы немесе 43,2 пайыз тозығы жетуіне байланысты ауыстыруды қажет етеді.

«Игілік» кәсіпорының мазут шаруашылығының тозу деңгейі  78 пайызды құрайды. Бүгінгі күнде диагностикалық сараптама жүргізілді.

Орталық қазандықтың 2 – су жылыту және 1 – бу қазандығына күрделі жөндеу жұмыстары қажет етеді. Жалпы жылу желілерінің (бес  жоба) орталық қазандық пен мазут шаруашылығына диагностикалық сараптама мен жобалық сметалық құжатнамаларына 69,6 млн. теңге қаражат қажет етеді»,-деп атап өтті қала басшысы.

Брифинг соңында баяндамашылар БАҚ өкілдерінің қойған сауалдарына жауап берді.

 

 

Пікірлер