“Ішінде үш қазақстандық әйел болған”. Таиландта жылдам жүзетін қайық апатқа ұшырады

3228
Adyrna.kz Telegram
Фото: Пхукет провинциясының үкіметтік ақпарат орталығы
Фото: Пхукет провинциясының үкіметтік ақпарат орталығы

Жергілікті БАҚ Таиландта жылдам жүзетін қайық Пхукет жағалауында апатқа ұшырағанын жазды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оқиға кезінде қайықта төрт қазақстандық әйел болғанын түсіндірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ulysmedia.kz басылымының хабарлауынша, бортта 30-ға жуық адам болған, олардың арасында Қазақстан, Ресей, Қытай және Украина азаматтары бар.

«Олардың үшеуі медициналық көмекке мұқтаж. Дәрігерлер тексергеннен кейін екі жерлесіміз ауруханаға жатқызылды. Жағдайлары тұрақты, денсаулықтары мен өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - деді СІМ.

Барлық шығынды қайықты иеленетін компания төлейді. Біздің консул зардап шеккен қазақстандық әйелдермен тұрақты байланыста.

Пікірлер