Сирияда болған жер сілкінісінен үш ай өткен соң үйінділердің астынан аман қалған ер адам табылды. Бұл туралы "Адырна" порталы хабарлайды.
Ер адамды құтқару сәті түсірілген адам сенгісіз таңғажайып жайт бүкіл әлемге тарап кетті.
Әлі кетіп, бірақ аман қалған ер адамды 16 мамыр күні үйінділерді тазалау кезінде жұмыс істеп жүрген сириялық құтқарушылар тауып алған.
Жергілікті Akhbar.fouri порталы қатты азып, сақал-мұрты өсіп кеткен адамды құтқару барысынан кадрлар жариялады.
Ер адам дәрігерлердің бақылауында, оны оңалтуға ұзақ уақыт кетеді деп болжануда.
Оның қалай аман қалғаны әзірге белгісіз.
Еске сала кетейік, ақпан айының басында Түркия мен Сирияда жойқын жер сілкінісі болған еді. 45 мыңнан астам адам табиғи апаттың құрбаны болды.