Гаитиде жер сілкінісі болып, кемінде 300-ден астам адам көз жұмды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "РИА Новостиге" сілтеме жасап.
Гаити жағалауында 7,2 балдық жер сілкінісі тіркелген. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Пети-Тру-де-Нип шағын елді мекенінен солтүстікке қарай сегіз шақырым жерде болды.
Кейінірек магнитудасы 5,2-ге дейін бірнеше жаңа соққы болды. Бастапқыда цунами қаупі жарияланып, бірақ кейін ол алынып тасталған. Зілзаладан медициналық нысандар да зардап шеккен.
АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) атап өткендей, халықтың тығыздығы, ғимараттардың сейсмикалық тұрақтылығы және ұқсас апаттардың салдарын талдау негізінде елдің мыңдаған тұрғыны қайтыс болуы мүмкін.
"Адырна" ұлттық порталы.