Әзімбай Ғали: "Қытай іс жүзінде ыдырау жолына түсті"

4345
Adyrna.kz Telegram

Мен Қытай маманы емеспін , бірақ бұрыннан Қытай іс жүзінде ыдырау жолына түсті деп жазып жүргенмін. КСРОның жолына Қытай мен Ресей (екінші рет) түсті.  Қытай мен Ресейдің халықтарының бір-екі ұқсас жері олар тұрмыс стандартын көтеруді талап ететін болды.

Екінші ұқсас ерекшелігі-Қытайда да, Ресейде де өлкелердің билікке наразылығы күшейіп келеді, бірақ Қытай мен Ресей басшылары төл халқын басқыншылық идеялармен санасын уландыруда. Сондай жолмен "Крым наш" ұраны кең қолдау тауып, Ресей Украинаның жартыаралын тартып алды да, Шығыс Украинада әскери лаң бастады.

Ал Қытай Тайванды Қытайға қайтарамын деп Қытай ұлтшылдарын қоздырып келеді. Егерде,  Қытай көршілеріне шабуыл жасаса, Ресей сияқты санкцияларға ұшырайды. Менің ойымша Қытайдың да,  Ресейдің де ыдырап демократиялық жолға  түскені жақсы болар,  яғни, империялық қуатты Қытай мен Ресей бізге қауіпты.  Қытайдың  және Ресейдің мемлекеттік инвестициялары бізге қауіпты, ал,  Батыс елдерінің жеке меншік инвестициялары бізге тиімді, әрине инвестициялардың тепе теңдігі керек.

Мәселен, Қытай үлесі- 25% , Ресей үлесі- 25%, Батыс үлесі- 25% болса дұрыс болар еді. Тәжікстан қарызға батып, енді жерін беріп есептеседі деген әңгіме бар. Серікжан Білаштың Қытай қауіпі туралы талдауы өте қисынды. Қытайдың дағдарысқа ену себебі, коммунистік тоталитарлық жүйе.

Тоталитарлық жүйе экономиканы дағдарысқа апарды: 10% дан 6.5% түсті. Бірақ Қытай өз саясатын біресе қатаңдатып- көршілермен соғыс бастап, біресе жұмсартатын әдеті бар. Келесі эмиграциялық кезеңі тағы келер. Сол тұста қазекең Ата мекенге толық өтетін кез бір келер. Сол тұста Қазақстанның иммиграция басшылары тағы да қырсықпай,  келген қазақты қабылдаса болар еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер