Ұлттық статистика бюросының мәлметінше, Қазақстан халқының жартысына да жетпейтін бөлігі құқық қорғау органдарына сенім артады. Бұл жайлы Astanatv.kz жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Статистика көрсеткіштеріне сенсек, сыбайлас жемқорлықпен күресетіндерің қызметін "шын көретіндердің" көрсеткіші - 29 пайыз шамасында. Полиция органдарына деген сеніміне селкеу түспегендердің саны 39 пайызды жуықтаса, экономикалық тергеу қызметіне сенетіндер саны тіпті төмен. Бар-жоғы 24,9 пайыз маңайында.
Ал прокуратура қызметіне сенетін қазақстандықтар саны шамамен 44 пайыз екені хабарланды.
"Адырна" ұлттық порталы