Ақтөбедегі тергеу изоляторында күдіктінің өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланды

2763
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбедегі тергеу изоляторында 35 жастағы әйелі мен оның 16 жастағы ұлын өлтірді деген күдіктінің камераның әжетханасында асылып өлгені хабарланды. 

29 наурызда Ақтөбеде жан түршігерлік кісі өлімі орын алды. Қылмыс Ақтөбе қаласындағы Победа даңғылындағы №30 үйдің пәтерінде жасалған. Күдікті 35 жастағы әйелі мен 16 жастағы ұлын өлтіргені жайында айтылады. Ал оның 13 жастағы София ауыр жарақат алған. Мектеп оқушысы шұғыл түрде жансақтау бөліміне жеткізіліп, кейін ота жасалған.

Күдікті 10 сәуірде қамауға алынды.

Енді қылмыстық атқару жүйесі комитеті күдіктінің тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлап отыр.

"Қылмыскерді түнде мекеме қызметкерлері анықтады. Түрме кезекшісі дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қолданылған шараларға қарамастан, тұтқынды аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы оның қайтыс болғанын хабарлады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді.
Оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өз-өзіне қол жұмсау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деп хабарлады ҚАЖК.

Анықталғандай, қазіргі уақытта облыстық департамент қызметкерлерімен ішкі аудит тағайындалды, оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер