Қазақстаннан кейін. Өзбекстан да референдум өткізді

3366
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстанда 20:00-де (Астана уақытымен 21:00) Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумға дауыс беру аяқталды, деп жазады "Адырна".

Конституцияның жаңа редакциясында президенттік мерзім бес жылдан жеті жылға дейін ұзартылатын болып қабылданды. Өзгерістер мақұлданса, қазіргі президент Шавкат Мирзиеев 2040 жылға дейін билікте қала алады.

Түзетулер қазіргі президент Мирзиеевке мемлекет басшысы лауазымына тағы екі рет сайлану және президенттің өкілеттіктерін кеңейту мүмкіндігін ұсынады. Құжаттың жаңа редакциясында мемлекеттің азаматтарды ең төменгі жалақымен, тұрғын үймен және медициналық көмекпен, сондай-ақ интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету міндеті нақтыланбақ. Сондай-ақ, өлім жазасына тыйым салынады.

Айта кетейік, Қаңтар оқиғасынан кейін біздің елде де референдум өткізілген болатын. Ондағы өзгерістер бойынша бір адамның президент болу мүмкіндігі бір мәртелік 7 жылмен шектелді.

Пікірлер