СӘУЛЕ ӘБІЛДАХАНҚЫЗЫ: Түркістанға қанша рет барсам да, принципті түрде "Венециясына" бас сұқпадым... пыросты тарихты былықтырып, былғағандарын көргім келмейді ше...

2692
Adyrna.kz Telegram
Түркістанға қанша рет барсам да, принципті түрде "Венециясына" бас сұқпадым... пыросты тарихты былықтырып, былғағандарын көргім келмейді ше...
Олжастың сөзі көкейдегіні дөп басты... Ойымыз бір жерден шықты. Дәл айттыңыз, Олжас мырза. Түркістанның ең құнды жәдігері Яссауи кесенесінің айналасын тарылтып, сығып тастағанын айтсаңызшы. Алыстан көрінетін күмбез қазір мүлде көрінбейді. Құдайдың кең жері-ақ қашан қарасаң қазаққа жетпей жүреді... Кесененің жан-жағынан ғимараттар салып, қоршап, жауып тастаған. Кесене алыстан көрінетін етіп айналасындағы кеңістікті қалдыруға болар еді ғой. Архитектордың да соған басы жетпеген ғой... жер жетпегендей... Ескі қорым еді... Кесененің маңайы түгел бейіт болған. Ол жерде қаншама хандар мен сұлтандардың, батырлар мен билердің сүйегі жатыр... Қаншасы аяқжолдың, ғимараттардың, табанның астында қалғанын бір Құдай біледі... Венеция деп күйдіреді ғой... Түркістан деген тарихқа әкеп Венецияны жапсырып... жұрт сондай тарихқа жете алмай жүр... біз болсақ барымыздан безінеміз...
Түркістанның қазіргі әкімі Нұрбол Тұрашбеков мырза Ордабасы ауданының әкімі боп тұрған кезде ауданның табиғаты келіскен жеріне киіз үйлер тігіп, түркінің этноауылын жасауды ұсындым. "Ертұғрылды көріп пе едіңіз, соның кайи ауылы сияқты болса, бір шетінде қолөнершілер киіз басып, кілем, алаша, өрмек тоқып, бір шетінде ұсталар темір түйіп, бір шетінде тандырға нан жауып, ешкі сауып жүрсе, бір шетінде қыш құйып жүрсе, саман кірпіштен қорғаны базары, қорғаны болса..." деп... қиялдап... Түркістанға әкім боп кетті, нағыз Түркістанның маңайына сондай кешен жасау керек деп жақында тағы айтып едім... Тіпті Қаһраманмарашта қазақтар тіккен киіз үйлер сияқты бір ауыл жасау қиын емес шығар деп... Қабылдаңыз деп өтінішімізді жаздық... Қабылдаймын деген...
Пікірлер