Еркебұлан Сейдахмет Болгарияға ауысты

2158
Adyrna.kz Telegram

"Қазақстандық Месси" атанған Тараз футболының түлегі Еркебұлан Сейдахмет Болгария чемпионатына ауысты. Болгарияның 26 дүркін чемпионы, 27 мәрте Кубогының иегері софиялық "Левский" "Еркоштың" жаңа командасы.

Ресей Премьер Лигасындағы "Уфа" командасының ойыншысы саналатын Сейдахмет жылдың соңына дейін болгарлық клубқа жалға берілген.

Бізге жеткен мәлімет бойынша "Левскийде" 14 шабуылшы бар екен. Соған қарамастан Еркебұлан кез-келген позицияда ойнауға дайынмын дейді.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер