АҚШ-тың ашуы немесе Huawei-дің тағдыры

2804
Adyrna.kz Telegram

Huawei КОМПАНИЯСЫ АҚШ-тың ЭКОНОМИКАЛЫҚ САНКЦИЯСЫНА ІЛІНДІ

АҚШ-тың ашуы немесе Huawei-дің тағдыры

2018 жылы желтоқсанның басында АҚШ билігі Қытайлық алып компания Huawei дің басшысы Мэн Ваньчжоуды АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық санкциясының режимін бұзды деген айыппен қолға түсірді. 2019 жылдың басында АҚШ-тың федеральді тергеу билігі атышулы Мэн Ваньчжоуды өндірістік тыңшылықпен, алааяқтықпен, басқа да құқықтық қарым-қатынастарға зиян келтірген деген айып тақты. Осы оқиға Пекин мен Вашингтонның арасындағы қарым-қатынасқа айтарлықтай сызат түсірді.

Мэн Ваньчжоу деген кім?

Мэн Ваньчжоу Қытайдағы ең беделді бизнесмен. Кезінде «Қытай халықтық азат ету» армиясының офицері қызметін атқарған, 1993 өзінің әкесінің жекеменшік компанияларында жұмыс жасаған. Өзінің қызмет карьерасында компанияның қаржы директоры қызметіне дейін көтерілген. Соңынан Huawei компаниясының директорлар кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Мэн Ваньчжоуды АҚШ билігі Канаданың Ванкувер қаласында 2018 жылы 1-ші желтоқсанда қолға түсірді. Құрама Штаттар билігі оны Иранмен арадағы сауда дауы бойынша басты жауапкер адам деп танып, санкциялық режимдерге қарсы жұмыс жасағанын анықтады. АҚШ Федеральді тергеу бюросы Мэн Ваньчжоуды Британия банктері арқылы Иранға қаражат аударып отырғанын дәлелдеп, заңсыз қаржы транзакцияларын тапқан. 6 желтоқсан күні The Wall Street Journal бұл жайындағы ақпаратты дүниеге тараттып жіберді. Кейіннен Канаданың Британдық Колумбия провинциясынан АҚШ-қа экстрадацияланды.

Иранның қандай қатысы бар?

Америка билігі өзінің лицензияланған технологиялық өнімдерін АҚШ-қа қарсы келген кез келген елге экспорттаған елге қарсы экономикалық санкциялар жариялайтынын ашық мәлімдеді. Осының салдарынан «Үлкен Жиырмалықтың» елдері АҚШ-тың қабағына мұқият қарап, өздерінің жеке мүдделерін ойлай бастады. АҚШ билігі Huawei компаниясының басшысы Мэн Ваньчжоудың Америка өкіметінің қатаң талаптарын ескермей, Иранға экономикалық санкциялар салынып жатқанына қарамастан компанияның өнімдерін Иранға экспорттап отырғанын анықтады. Бұл туралы The New York Times әлемге ақпарат таратты. Содан кейін АҚШ-тың әділет министрлігі Huawei компаниясының ізіне түсіп тексеріс жасап, АҚШ-тың сауда министрлігі мен қаржы министрлігінің рестрикцияларына көп зиян жасағанына айғақтар тапты. Сол айғақтар арқылы компанияның белді менеджерлері мен қызметкерлерін халықаралық сотқа тартты. Мұны жоққа шығарған Қытай тарапы қылмыстарды мойындауға құлық танытпай, ақыр соңы алып компанияның лицензияларына зақым келіп, акциялары құлдырап, экономикалық санкцияларға ілінді. Бұған қоса АҚШ билігі Huawei компаниясының Сиэтл мен Нью Иорктегі филиалдарына да заңсыз жұмыс жасағаны үшін айып тақты. Оның астарында Huawei компаниясының АҚШ-тың мемлекеттік құпиясын Қытай тарапына жеткізіп отыратын ақпараттық каналдары барын анықтады. Тіпті компанияның кейбір бағдарламаларында америкалықтарға қолдануға болмайды деген құрылғылар да жымысқы жолмен жұмыс жасап отырған. Бұл АҚШ-тың ұлттық қуаіпсіздігіне нұқсан келтіретіні айдан анық болған. АҚШ-тың ашуына тигені де осы еді. Федеральді органдардың тексерулерінен соң АҚШ-тың президенті Дональд Трамптың компанияның ешбір өнімін тұтынбаңдар деген бұйрығы күшіне еніп, санкцияның қара тізіміне кірді. Huawei компаниясының санкциялық соққыдан алдыңғы айыппұлы 1 миллиард АҚШ долларын құрады. Қытайдың жымысқы технологиялық тыңшылығына АҚШ тарапынан берілген жауап - компанияның лицензиясы алынып, акциялары төмендеп, санкцияға ілініп, екі алып экономикалық державаның бір біріне ала көз болуымен аяқталды. Мұның зардабы Американың Verizon Communication, Verizon және AT&T сияқты алып телекоммуникация компанияларына да тиіп, Huawei компаниясының өнімдерінен мәжбүрлі түрде бас тартты. Екі державаның арасындағы 21 ғасырдағы алып сауда соғысы осыдан басталды. Халықаралық эксперттер екі алып елдің арасындағы кикілжіңнің әлемдік нарыққа ауыр тиетінін айтып жатыр. Жақында ғана АҚШ билігі Қытайдан келетін тауарлардың баж салығын 25 пайызға арттырып жіберді. Алғашқы 200 миллиард АҚШ долларына бағаланған тауарлар толқыны санкцияға ілінді. Дәл осы экономикалық соғыс Мэн Ваньчжоу ісінен бастау алған болатын.

Бекболат Қаржан

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер