Риддер қаласы әкімінің қызметін Дархан Қосантаев атқарады деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қаланы 26 сәуірден бері Дархан Қосантаев басқарып отыр. Ол бұған дейін 2022 жылдың 14 сәуірінен бері Риддер қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Айта кетейік, Дархан Қосантаев 1991 жылы 4 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Қаратоғай ауылында дүниеге келген. Мансабын Усть-Таловка кенті әкімі аппаратының бас маманы қызметінен бастаған.
2020 жылдан бастап Риддер әкімдігінде жұмыс істейді.
2022 жылы әкімнің орынбасары болып тағайындалды.
Еске салайық, бұған дейін Риддер әкімі Дмитрий Горьковойдың қайтыс болғанын жазған едік.