Суретті, бейнені келісімсіз пайдалану, оны жариялау - айып, заң бұзушылық емес, егер де тиісті талаптар ескерілетін болса, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Конституциялық сот БАҚ туралы заңның күмән тудырар тұсына назар аударып, хат жолдаған Қазақстан азаматының өтінішін қарастырды. Мекеменің берген жауабында жеке тұлғалардың суреттерін қолдану мен жариялау үшін рұқсат алудың қажеті жоқ екендігі айтылады. Мұндай шектеулерге ҚР ата заңының 39-бабы, 1-тармағында көзделген шарттар сақталған кезде жол берілетіндігі хабарланды.
Атап айтқанда, Конституциялық Сот «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-1-тармағы 3) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексерген.
Өтініш иесінің пайымдауынша, мұндай жайттар адамның жеке бас еркіндігне көлегейлеп, хақы мен құқына шек келтіреді. ҚР азаматтарының жеке өміріне, отбасылық құпиясына қол сұғылмаушылық құқығын бұзады.
Сот БАҚ беттерінде жеке тұлғаның бет-жүзін рұқсатсыз жариялау мәселесіне қатысты бірқатар заң тармақтарын алға тартты. Ескертулер мен ескеру тиіс тұстар бар екенін тілге тиек етті. Мұндай мәселенің құқық қолдану практикасы процесінде нақты бағаланып, назарға алынуға тиіс екендігі айтылды.
"Адырна" ұлттық порталы