Гүлмира Сатыбалды сотта өзіне тағылған айыптардың бір бөлігімен келісті

2075
Adyrna.kz Telegram

Олигарх Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалды сотта өзіне тағылған айыптардың бір бөлігімен келісті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Өз кінәмді жартылай мойындаймын, бірақ 125-бап бойынша тағылған айыпты (Адам ұрлау) мойындамаймын. Мен оны ұрлап кетсем, қалай үйіме шақырамын? Ақылға қонымсыз ғой. Сондай-ақ басыну (айыптау құжатында ҚР ҚК 389-бабы 3-бөлігі деп көрсетілген) бабы деген бар. Ол арадағы бес пайызды мойындаймын. Мекешеваға 5% акцияны беремін деп, сөзімде тұрмадым»,– деді айыпталушы Айгүл Мекешеваны ұрлау эпизоды бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру кезінде.

Еске салайық, Гүлмира Сатыбалды 16 наурызда Астанада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жабылды. Ол адам ұрлау, өз еркімен әрекет ету және қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырды деп айыпталып отыр.

Пікірлер