Астана көшелерінің бірінен әйел мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Полицияның хабарлауынша, 14 сәуір күні сағат 18:23-те 102 желісіне қоңырау шалынған. Қоңырауда Сарыарқа даңғылының бойынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарланады.
"Әйелдің кім екені анықталды, ол 54 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Сарапшының тексеруі кезінде дене жарақаттары табылмады", - деп хабарлады полиция басқармасы.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Әкесі Сарыағаштағы балақайдың өліміне полиция кінәлі деді. Алматыда бір бүлдіршін өгей шешесінің қолынан өлім құшты. Сот пен полицияны қайтадан құру керек сияқты!
