Астана көшелерінің бірінен әйел мәйіті табылды

3872
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/04/8e817408a0e0475bbffcb5df03612426.jpeg
Астана көшелерінің бірінен әйел мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Полицияның хабарлауынша, 14 сәуір күні сағат 18:23-те 102 желісіне қоңырау шалынған. Қоңырауда  Сарыарқа даңғылының бойынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарланады.
"Әйелдің кім екені анықталды, ол 54 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Сарапшының тексеруі кезінде дене жарақаттары табылмады", - деп хабарлады полиция басқармасы.
Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы