Ресей Қазақстандағы 2 ЖЭО үшін қаржы бөлгісі келіп қалды

91
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jocUR9WFN2rAXdotqWq2rrTgNt53gttDYrjT3Tdj.webp

Ресей Қазақстанның солтүстік аймақтарында ЖЭО салу және газбен қамтамасыз етуге қатысты тиісті келісімшарттарды жылдамдатуға ниет білдіргенін хабарлады.

Энергетика комитетінің төрағасы Николай Шульгинов Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Палаталараралық комиссияның отырысында елде екі ЖЭО салу жөніндегі келісімшартты жеделдетуді ұсынды.

«Екі қалада екі көмірлік ЖЭО салу жобасын жүзеге асыру туралы шешім қабылдау жоғары деңгейде дайын тұр. Екі тараптың күш-жігерімен тиісті келісімдер, соның ішінде несие келісімін дайындауды жеделдету қажет, сол арқылы оларды 2026 жылдың бірінші тоқсанынан кешіктірмей бекіту керек», – деп хабарлайды Интерфакс.

Сонымен қатар, Шульгинов газ жеткізілімдерін онжылдық соңына дейін үш есеге арттыруды күтеді. Ынтымақтастық әлеуеті үлкен, егер 2024 жылы жеткізілім көлемі жылына 3,8 млрд текше метр болса, болжам бойынша 2028 жылы 12 млрд текше метрге дейін өсуі мүмкін. Оның айтуынша, елдің солтүстік аймақтарын газдандыру мәселесі қарастырылуда. Тіпті, солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарға тұтынушыларға газ жеткізетін магистральдік газ құбыры Ресейдің федералдық көлік саласындағы аумақтық жоспарлау схемасына енгізілген. Жобаланған тасымалдау көлемі – жылына 10 млрд текше метр; компрессорлық станция қуаты – 50 МВт.

Қазақстандағы үш облыс орталығында көмірлі ЖЭО салу мәселесі бірнеше жыл бойы шешілмей келді. Бастапқыда бұл жобаларды қаржыландыруды Ресей Федерациясы өз мойнына алатыны, Қазақстан инвестицияны тариф арқылы қайтаратыны хабарланған. Алайда ресейлікке қарсы санкциялар салдарынан ЖЭО салу жөніндегі келіссөздер ұзаққа созылды.

Сондықтан ҚР Энергетика министрлігі Қазақстан бұл ЖЭО-тарды өз бетімен салатынын мәлімдеді.

Пікірлер