“11-сынып оқушысы өлтіруі мүмкін”. Түркістан облысында 9-сынып оқитын қыздың мәйіті табылды

4917
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/04/559c53b7-d774-46de-b64d-4b25d4a55eb2.jpeg

Түркістан облысының Ордабасы ауданында 9-сыныпта оқитын қыздың мәйіті табылды. Қазір оны өлтірді деген күдікпен 11-сынып оқушысы ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, оқушы қыздың мәйіті 9 сәуірде Ордабасы ауданындағы суару каналынан табылған.

"Қазіргі таңда жасөспірім қызды

өлтірді деген күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды. Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу ісі Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында", делінген хабарламада.

Comments